НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Серфингтен құлап, суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.
«2005 жылы туған бала «Солдатский» жағажайы тұсында серфинг кезінде суға батып кеткен. ТЖД-нен 5 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ-нен 3 қызметкер, 1 техника іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Баланың денесі бүгін сағат 08:35 шамасында табылды», - деді Ақтау қалалық ТЖБ аға инженері Есен Борашев.
Бұдан бұрын Ақтаудағы жағажайда жасөспірімнің суға батып кеткені хабарланған болатын.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.