— Жәбірленушіден кәсіпкерлерге арналған грант бағдарламасы үшін 2 млн теңгеден астам ақшасын алдап аудартып, жеке бас пайдасына жаратқан. Сотталушы өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырып, тағы бір жәбірленушіге аталған бағдарламалар туралы жалған айтып, сөзіне сендіреді. Нәтижесінде 1 млн 400 мың теңгені алдап аудартып алған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Жәбірленушілер материалдық зиян өтелмегендіктен кешірім бермейтінін көрсеткен, — делінген сот хабарламасында.
Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4- тармағымен кінәлі деп танылды. Оған түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап қою бойынша жәбірленушілерге шығын өндірілді.
Ал жыл басынан бері 5 қаржылық пирамиданың жолы кесіліп, тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 59 млн теңгеден асты.