Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы ұлыбританиялық Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) шеберлік байқасты.
Жекпе-жек 10 раундқа созылып, Батыр Жүкембаев төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіске лайық деп танылды.
Осылайша, отандасымыз кәсіпқой мансабында 24-рет жеңіске жетті.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін «Барыс Арена» мұз сарайында отандық және шетелдік бокс жұлдыздарының қатысуымен үлкен тарихи бокс кеші өтіп жатыр.
Кештің басты жекпе-жегінде ел тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайды.