Irfin Promotions компаниясының хабарлауынша, «Қазақ жауынгері» 21 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде танзаниялық боксшы Мухсин Кизотамен (20-5-0, 12КО) жұдырықтасады.
Айта кетерлігі, Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр. Супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 76-орында.
30 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.