Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахмедов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді

Фото: Фото: Садриддин Ахмедовтің жеке мұрағатынан

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың (15-0, 13 КО) кезекті жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды.

BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық боксшы 19 мамыр күні Лос-Анджелес қаласындағы (АҚШ) «Commerce Casino» қонақ үйінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы мексикалық боксшы Элиас Эспадас (23-6, 16КО).

Боксшылар жартылай орта салмақта 10 раунд жұдырықтасады деп жоспарланып отыр.
Айта кетерлігі, кәсіпқой бокс кешін Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің «360 Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.

Еске сала кетсек, Садриддин Ахмедов соңғы рет өткен жылы 13 желтоқсан шаршы алаңға шығып, америкалық боксшы Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) 7-раундта нокаутпен жеңді.