12 раундқа жоспарланған айқаста отандасымыз франциялық Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасты.
Алғашқы раундтың соңғы секундында қазақстандық боксшы қарсыласына тура соққы бағыттап, нокдаунға түсірді.
Осыдан кейін, отандасымыз шаршы алаңда еркін қимылдап, өз мәнерінде бокстасты. Жәнібек әр раунд сайын шабуылды үдетіп, қарсыласына дәл соққыларын дарытты.
Бесінші раундта франциялық боксшы Жәнібектің ауыр соққысынан шалқалай құлады. Төреші есеп ашып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтатты.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белдігін сәтті қорғады.
Айқастан кейін, Жәнібек барлық қазақстандыққа алғысын айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Сұлтан Заурбек (19-0, 13 КО) кәсіпқой мансабында 20-шы жекпе-жегінде жеңіске жеткенін жазған едік.