BoxRec.com сайтының хабарлауынша, жеңіліп көрмеген қазақстандық күрзі жұдырық иесі Дычконың келесі жекпе-жегі ProBox-тың келесі шоуы аясында, 21 тамызда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді. Иванның қарсыласы – америкалық боксшы Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО). Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Иван Дычко 2023 жылдың шілде айынан кейін араға бір жыл салып, шаршы алаңға қайта шыққалы отыр. Бұған дейін ол Буэнос-Айресте (Аргентина) жергілікті боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) нокаутқа түсіріп, WBA Fedecaribe титулын жеңіп алған болатын.