Кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалды 

Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалды. Ол 1 шілдеден бастап нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларын бақылауға мүмкіндік береді.

ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың сөзінше, тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде әлеуметтік серіктестіктің барлық тараптары үшін оң нәтиже күтіледі.  

«Жұмыскерлер үшін – өмір сүру сапасын жақсарту және денсаулықты сақтау. Жұмыс берушілер үшін қауіпсіз жұмыс орындарын құруға және еңбек өнімділігін арттыруға экономикалық қызығушылық бар. Мемлекет үшін – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру», - деді спикер орталық коммуникациялары қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Зұлқарнай Ермұратұлы