«Жараланған әнші Кристина Гримми көз жұмды, асқан өкінішпен хабарлап отырмыз», деп жазды Twitter-дегі парақшасында Орландо полициясы.
Гриммиге «Before You Exit» тобымен бірге өнер көрсеткен «Plaza Live» концерт залында оқ атылды. Қаскөй әнші қолтаңба беріп жатқанында оқ атқан. Артынша ол өзіне қол салған. Оқиғаның мән-жайы белгісіз.