«Лаңкестер мемлекеттік органдарға, стратегиялық нысандар мен бизнеске тиесілі ғимарттарға шабуыл жасады. Билікке күйе жағу үшін бейбіт тұрғындарға оқ атты. Осының бәрін шетелдегі радикалды күштер өз мақсатына пайдаланғысы келді. Олар Қазақстанды қақтығыс алаңына айналдырып, елге ойран салмақ болды. Бейбіт өміріміздің тас талқанын шығаруды жоспарлады, Президентті биліктен кетіргісі келді», - деді Президент.
«Шын мәнінде, бұл мемлекеттімізге төнген аса қауіпті сын-қатер болды. Бірақ қастандық жасаушылардың арам пиғылы іске аспады», - деді Мемлекет басшысы.