«Қазақфильмнің» баспасөз қызметі атап өткендей, жақын уақытта киностудия Қасым хан туралы толық метражды фильмнің жобасын жүзеге асырмақшы. Тарихи фильмнің режиссері Ақан Сатаев болады.
«Режиссер Ақан Сатаев бастаған шығармашылық топты 1511-1521 жылдары Қазақ хандығын басқарған аты аңызға айналған ханның тарихи бейнесін жаңғыртуда көп жұмыс күтіп тұр. Дәл осы жылдары мемлекет Шығыс Дешті – Қыпшақтың ауқымды территориясына бақылау орнатты. «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі заң жасалып, шығарылды. Ол дәуірде қазақтар тәуелсіз этникалық қауымдастық ретінде біздің территориямыздан тыс жерлерде де танымал болды», - деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі.
Фильмді түсіру жұмыстарды 2021 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.