Қасым хан туралы фильмде басты рөлдерді сомдайтын актерлер белгілі болды
«Достар, сіздерге режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінде басты рөлде ойнайтын актерлердің есімдерін қуанышпен хабарлаймыз:
Қасым ханның жас кезін Данияр Оразаев ойнайды,
Ересек Қасым хан - Берік Айтжанов,
Жас Бұрындық хан - Айдос Абдыкадыров,
Ересек Бұрындық хан - Ерік Жолжақсынов.
Мұхаммед Шайбани - Нұрлан Әлімжанов.
Жаһан бегімнің жас кезін Алтынай Нөгербек,
Егде Жаһан бегімді Шәмшагүл Мендиярова ойнайды.
Әли Рашидтің жас кезін - Қуаныш Құдайберген,
Ересек Әли Рашидті – Тұңғышбай Жаманқұлов сомдайды», делінген хабарламада.
Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Алғашқы түсірілім жұмыстары 25 ақпанда Алматы облысы Жаркент ауданы Көктал ауылының маңында басталды.