«Қазіргі жағдай құқық қорғау органдары тарапынан нақты шешімдер мен әрекетті талап етеді. Осынау күрделі кезеңде бюджетке, экономика мен азаматтардың қауіпсіздігіне шынайы зиян тигізетін заңбұзушылықтарға баса назар аудару керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент сонымен бірге кейбір әкім ескерту мен қатаң ескерту алғанын еске салды.
«Жалпы бүкіл әкімдер мен министрлер осындай жазаға лайық. Алайда қазір біз әлеуметтік-экономикалық дамудың сыни кезеңінде тұрмыз. Үкімет пен әкімдерге дағдарыстан шығу үшін ойлы да батыл әрекет керек. Себебі дағдарыс ушығатын секілді. Бұл – әлемдік экономиканың болжамы. Ал Қазақстан оның бір бөлігі», - деді ол.