Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ конгрессмендерін қабылдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі өкілдері палатасының мүшелері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысындаекі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелері, сондай-ақөңірдің күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды.

«АҚШ – Қазақстанныңтәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Біз сауда-экономикалық,инвестициялық және энергетикалық салаларда тығыз ынтымақтастық орнаттық.Елдеріміздің өзара табысты
іс-қимылдарының маңызды бағыты қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласы болыптабылады», – деді Мемлекет басшысы.

Америкалықконгрессмендер Қ.Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, көздегенреформаларының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

КонгрессмендерҚазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздіктінығайтудағы рөліне жоғары баға беріп, Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалықжағдайын қайта қалпына келтіру ісіндегі бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығынабаса назар аударды.

Соңғы жаңалықтар