Мемлекет басшысы «С5 1» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуүшін Нұр-Сұлтан қаласына келген АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелержөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады. Аталған формат экономика, экологияжәне қауіпсіздік салалары бойынша Орталық Азиядағы бес ел мен АҚШ арасындағыкөпжақты өзара ықпалдастықтың тетігі саналады.
Кездесу барысындатараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту,терроризмге қарсы іс-қимылдар, сондай-ақ Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалықтұрғыдан қалпына келтіру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президентіекі мемлекет басшылары арасындағы тікелей телефон байланысы туралы келісімгеқол қоюға мүмкіндік бергені үшін Америка тарапына ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаевпен Дэвид Хэйл 2018 жылы қаңтарда Вашингтонда өткен Қазақстанның ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трампкездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзегеасырылып жатқанын атап өтті.
Америкалық дипломатҚазақстандағы саяси өзгерістерді, соның ішінде еліміздіңәлеуметтік-экономикалық дамуын және демократиялық үдерістерді нығайту жөніндегіҚазақстан Президентінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін қолдайтынын атапөтіп, оларды іске асыру үшін көмектесуге дайын екенін айтты.