«Мені құрметпен күтіп алған Сіздің мемлекетіңіз бен «Әл-Ватан» сарайына алғысымды білдіремін. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы қарым-қатынас нығая берсін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сонымен бірге, БАӘ-нің тұтастығы мен байлығы жылдан жылға бекемдеп, тұрақты болуын тіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келгені хабарланған болатын.