Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президентіне коронавирустан жылдам сауығып кетуін тіледі
«Президент Армен Саркисянның @Arm_President коронавирустан жылдам айығып кетуіне және Армения халқының игілігі үшін мемлекеттік қызметке қайта оралуына тілектеспін. Біздің елдіріміз бен бүтін әлемнің белсенді күш-жігері COVID-19-ды жеңуге ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Арменпресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, А.Саркисян Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен бірге қарсы алды.
«3 қаңтарда Лондонда Президент Саркисянның аяғына операция сәтті жасалған болатын. Алайда, Президентте сондай-ақ коронавирустың жаңа түрінің белгілері көрініс берген. Тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті...
Президент Саркисян өз қызметін уақытша қашықтан жалғастырады», - деп мәлім еткен Арменпресске Армения Республикасы Президентінің БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасынан.