«Білім және тәрбие жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде Қарулы күштер де маңызға ие деп айтар едім. Әскери міндетін атқарумен бірге армияда болу – белгілі бір кәсіби дағдыны да бере білуі тиіс. Білім және ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бұл ұсынысты кеңінен талқылауы тиіс. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне де өз ұсыныстарын беруді сұраймын», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің әлеуетін жастарға кәсіптік білім беруде пайдаға жарауы керектігін айтып өтті.