«Кредиторлық қарыз - өз алдына бөлек мәселе. Әсіресе тұрғын үй төлемдері маңызды. Үкіметке оны жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдау керек. Сөз жүзінде әскерилерді әлеуметтік тұрғыда қолдап жатырмыз деп жар салып, іс жүзінде міндетімізді орындамауға жол жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент ҚР Ұлттық ұлан қызметі патриоттық пен ерліктің нағыз мектебіне айналғанын атады.
«Ұлттық ұлан сарбаздары әскери міндетін абыроймен өтеп қана қоймай, өмірлерін тәуекелге тігіп, ерлік көрсетулері соның дәлелі», - дейді мемлекет басшысы.