Санаулы минуттардан кейін Конгресс орталығында форумның пленарлық отырысы басталады.
Еске сала кетейік, елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр.
Халықаралық форумның жалпы отырысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлейді. Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.