«Азаматтар қандай да бір ұзақмерзімді жағдайда емес, жақын арада мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесін көріп, сезіне білуі тиіс Халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштер маңызды болса да ол азаматтарға, олардың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етпейтінін түсіну керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Президент өз сөзінде басталған реформалардың тағы бір салмақты компоненті – ауыл әкімдерін тікелей сайлау екенін айтып өтті.
«Ол сайлау Қазақстан тарихында бірінші рет өткізіледі. Бұл сайлау – тиімді әрі тұрақты мемлекеттік институттарды құрудағы маңызды қадам болмақ. Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлап алу мәселесіне үлкен жауапкершілікпен келдік. Ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді», - деді ол.
Президент 2020 жылы ауылдық округтердің бәрінде төртінші деңгейлі бюджетті енгізу жұмысы аяқталғанын мәлім етті.