НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар құқықтарын қорғау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ақордада өткен кеңес барысында Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесі реформасының негізгі мақсаты азаматтар құқықтарын қорғауды мүлтіксіз қамтамасыз ету екенін қадап айтты.
Сонымен бірге, Президент сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес шараларын күшейтуді жүктеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.