Кездесу барысында төраға Қазақстан мен Әзірбайжан арасында достық қатынастарды нығайтуда қомақты үлесіне орай Л.Гандиловқа алғыс айтып, дипломатқа алғыс хат табыс етті.
«Біздің мемлекеттерімізді халықаралық саясаттың ауқымды мәселелерге көзқарастар ұқсастығы, экономикалық және саяси белсенді байланыстар және мәдениеттер ортақтығы біріктіреді»,-деді Қ.Тоқаев.
Л.Гандилов өз кезегінде өзінің Елшілік қызметіне қолдау білдіргені үшін Қазақстан басшылығына ризашылығын білдірді.