Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады
17:17, 24 Қараша 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.
«Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған» делінген хабарламада.