Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстанғылымының кейбір мәселелері, соның ішінде соңғы жылдары ашылып жатқан ғылымижаңалықтар, археологиялық зерттеулер, мамандар даярлау жұмысы жөнінде мәліметберілді.

Сонымен қатар, Зейнолла Самашев Қасым-Жомарт ТоқаевқаШығыс Қазақстан облысындағы сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне жататын қоныстардағықазба жұмыстары, Берел қорғанындағы археологиялық зерттеулердің қорытындысыжәне шетелдік ғалымдармен әріптестік туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің маңыздылығынатоқталып, соңғы жылдары отандық археология саласында белгілі болған тыңдеректерді Қазақстанның ежелгі, ортағасырдағы тарихының жылнамасына енгізуқажеттілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар