Қасым-Жомарт Тоқаев: БҒМ үштілді оқыту жүйесін енгізу үдерісін қайта қарасын

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы тамыз конференциясына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шарағаҚазақстанның барлық өңірінен келген мұғалімдер, оқу орындарының оқытушылары,ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қасым-ЖомартТоқаев өз сөзінде жаңа буынды тәрбиелеудегі мұғалімдердің рөлін атап өтті.

– Еліміздіңлайықты азаматтарын тәрбиелеу – педагогтардың және ата-аналардың міндеті.Лайықты азамат – бұл өз білімін Отанымыздың игілігі үшін жұмсайтын адам.Алдымызда тұрған құбылмалы заманда жастарымыз еңбекқор болмаса, ешқандайбәсекеге түсе алмайтынын терең түсінуі керек, – деді Президент.

Мемлекетбасшысының айтуынша, білім және ғылым саласының дамуына тың әрі тегеуріндісерпін қажет.

– Білім сапасынкөтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл, алдымен, мұғалімдердіңбіліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым менматериалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмысістеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудіңоңтайлы жолдарын ұсыну керек, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президентмұғалімдердің біліктілігін бағалау идеясын жүзеге асырудағы бюрократия менбіржақтылыққа, сондай-ақ оқытушылардың өз кәсібінен тыс түрлі іс-шараларғатартылуына қатысты сыни көзқарасын білдірді.

– Жергіліктіәкімдіктердің өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, мұғалімдерді білім берусаласына еш қатысы жоқ әкімшілік іс-шараларға тарту жағдайлары толастамай тұр.Аталған мәселелерді шешу үшін Үкіметке шұғыл, нақты шаралар қабылдаудытапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатарҚасым-Жомарт Тоқаев мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу жүйесініңсапасын арттыру, сондай-ақ орта білім беруді одан әрі дамыту стратегиясынайқындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

– Әлем елдерінің60 пайызында мектепте білім беру 6 жастан басталады, яғни мұндай жүйе баланыңзияткерлік және әлеуметтік жағынан ертерек дамуына оң ықпал етеді. ҮкіметкеБілім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы аясында
12-жылдық білім беру моделіне біртіндеп, жоспарлы негізде көшуді қамтамасызетуді тапсырамын, – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы«Жас маман» жобасының жүзеге асырылуын, техникалық және кәсіби білім беружүйесін дамыту жұмысын пысықтау, сондай-ақ үш ауысымды және шағын комплектілімектептер мәселесін шешу қажет екеніне назар аударды.

Қасым-ЖомартТоқаев Білім және ғылым министрлігіне үштілді оқыту жүйесін енгізу үдерісінқайта қарауды тапсырды. Аталған мәселе оқытушылар мен білім берубағдарламаларының дайындығын ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

– Жаратылыстанупәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай,оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс. Сондықтан, ағылшынтілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптанбастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын, – деп, Президент өз ұстанымынжеткізді.

Мемлекет басшысымұғалімдер жалақысының мөлшерін арттыруды алдыңғы қатардағы міндет екенін атапөтті.

– Бұл саладағыеңбекақы ең төмен жалақылардың қатарында, яғни ел экономикасы бойынша орташажалақының 65 пайызын құрайды. Білім беру жүйесіне білікті кадрларды тартумақсатында Үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есе көбейтудітапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек,Президент барлық білім беру бағдарламалары мен стандарттарын бір деңгейдеәзірлеп, қала және ауыл балаларының білім деңгейіндегі алшақтықтарды жоюды жәнетұрғылықты жері мен ата-аналарының әлеуметтік жағдайына қарамастан балаларғасапалы білім алуға мүмкіндік беруді тапсырды.

Мемлекет басшысығылымды қаржыландыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, ұлттық ғылымикеңестердің жұмысын жетілдіру қажеттілігіне баса мән берді. Президенттіңпікірінше, ғылымды одан әрі институционалды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуқажет.

Конференцияныңсоңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласын дамытуға қосқан үлесіжәне белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар ұстазды марапаттады.

Атап айтқанда,«Құрмет» орденімен – Павлодар қаласының
№8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің мұғалімі Анатолий Билида, Алматыоблысы Іле ауданы №13 орта мектебінің мұғалімі Гүлнәр Казербаева, «Ерен еңбегіүшін» медалімен – Орал қаласы
Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Гүлзихан Таскарина,Түркістан облысы Кентау қаласының А. Югнаки атындағы орта мектебінің мұғаліміДәнегүл Қуатбек, «Шапағат» медалімен – Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақоватындағы №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі ЕкатеринаНипрук марапатталды.

Мемлекетбасшысының баяндамасының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар