Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Қазақстан Президенті twitter-де жазды.

«Браконьерлермен арпалыста ерлікпенқаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлерұсталып, жауапқа тартылады. Киіктердіатқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатынболады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін»,-деп жазды Қасым-ЖомартТоқаев.

Айта кетейік, Ақмола облысы Жарқайың ауданында инспекторлартабиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізіп, киік атуфактісін анықтаған. Заң бұзушылардыңізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалыавтокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған.

Кейінірек ҚР АШМ Орманшаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жарақаталған браконьерлердің бірінің қайтыс болғаны туралы хабар таратты.

Сондай-ақ браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектордыңартында төрт баласы қалғандығы белгілі болды.

Ал ҚР Экология, геология және табиғиресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлер қолынан мерт болғанинспектордың отбасына көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті көмектің көрсетілетіндігін жеткізді.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімікүдіктілерді іздеп жатыр.

Еске сала кетсек,жыл басында Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында киік атқан браконьерлерекі инспекторды жаралаған еді. Ауыр жарақат алған Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтардаАстананың №1 ауруханасында көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар