Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына көңіл айту жеделхатын жолдады
14:55, 13 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекетбасшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Бенгазидегі жарылыссалдарынан қаза тапқан БҰҰ-ның Ливиядағы миссиясы қызметкерлерінің отбасыларымен жақындарына көңіл айтты.
«Бұлзұлымдыққа толы лаңкестік шабуыл ізгілік пен жанашырлық құндылықтарындәріптейтін қасиетті мұсылман мерекесі – Құрбан айт қарсаңында жасалғаны асажан түршігерлік жағдайболып табылады. Әлемдік қауымдастықтың зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен жәнебатыл күреске шақыратын үндеуін берік қолдай отырып, Қазақстан лаңкестіктіңешқандай түрі мен көрінісін қабылдамайды. Біз БҰҰ қызметкерлерінің жаһандықұйымның игі мақсаттарына қол жеткізу жолындағы қызметін жоғары бағалаймыз», –делінген жеделхатта.