«Дәрігерлер, медбикелер қазір өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Жұмыстары ауыр. Түсінеміз. Оларға тағы да алғысымды айтқым келеді. Оларға толығымен жалақылары мен сыйақыларын уақтылы төлеу керек», - деп тапсырды Президент Үкімет мүшелерімен елордадағы блок-бекеттерді аралау кезінде.
Айта кетсек, бүгін Президент Үкімет мүшелерімен бірге елордадағы блок-бекеттерді аралап шықты. ҚР Президенті Телерадиокешені жариялаған видеода Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың баяндама жасап жатқанын көруге болады. Қазіргі уақытқа дейін Алтай Көлгінов қалаға 3600-ден астам автокөлік кіргенін жеткізді.