«Денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Ол пандемия кезінде беріктіктің қатаң сынағынан өтті. Саланың барлық жүйелі проблемасы шықты. Бұған қоса, өзге медициналық қызметтер зардап шекті. Бұл бірден халықтың денсаулығына әсерін тигізді», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті өткен жылы 156 ана өмірден озғанына назар аудартты.
«Өткен жылы 156 анадан айырылып қалдық, өлім-жітім өсімі – 2,8 есе. Бұл статистиканың құрғақ цифрлары емес. Бұл 156 отбасы үшін орны толмас ауыр қаза. Ана өлім-жітімі жоғары болуы себептерінің ішінде перзентханалардың әлсіз жабдықталуы жылдан жылға байқалады. Реанимациялық бөлімдердің де жабдықталуы қанағаттанарлық емес. Ауыр науқастарды емдеу үшін құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар жоқ. Үкіметке өңір әкімдерімен бірлесіп, кәсіби қауымдастықтарды отырып, барлық денсаулық сақтау ұйымдарына түгендеу жүргізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.