Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белгіліспортшымыз Елдос Сметовті әлемдік дзюдо додасындағы айқын жеңісіменқұттықтаймын! Жарайсың бауырым! Биік шыңдарға жете бер! Өзің сияқты спортшылардың жетістіктері - жас буынға жақсыүлгі» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандықЕлдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазыатанғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар