Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық челленджді қолдайтынын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдайтынын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзегеасырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағынаайналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan», - депжазды Президент.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі МағзұмМырзағалиевті қабылдап, халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға жәнеқоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тарту жөнінде тапсырма берген болатын.

Артыншаминистрліктің бастамасымен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясыжарияланып, аталмыш акция аясындағы шараларға Үкімет басшысы Асқар Мамин де қатысқан болатын.

«Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін. Бұл жобаны Қазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», - деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар