НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметі мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға экспорттық жобалардың нақты тізімін айқындап, оларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.
«Үкімет пен «Бәйтерек» холдингіне экспорттық жобалардың нақты тізбесін айқындап, оларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге тапсырма беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ұлттық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері қатысқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде.
«Халықаралық сапа стандарттарын енгізетін және жаңа нарықтарға шығатын кәсіпорындар бірінші кезекте мемлекеттік қолдауды алуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.