Кездесу барысында алдағы Қазақстанда болатын Президент сайлауының мәселелері талқыланды.
Сенат басшысы: «Қазақстан билігі Президент сайлауы халықаралық стандарттарға сай, адал және әділетті өтуі үшін барлық мүмкіндікті жасайтын болады»,-деп атап өтті.
Сенат Төрағасы алдағы сайлауға ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы тарапынан байқалған елеулі ықыласқа жүздесушінің назарын аударды. 70 адамнан тұратын ЕҚЫҰ ПА байқаушылар миссиясын Хорватия Парламентінің депутаты, белгілі саяси және қоғам қайраткері Тонино Пицула басқарады.
Елші сайлау алды жағдай туралы миссияның аралық есебін ұсынды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл құжат біздің еліміздегі сайлау науқанын шынайы көрсетеді.