«Комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
10:50, 11 Қараша 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.