«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы сұхбатын Euronews телеарнасы мен The Wall Street Journal басылымына берді. Журналистерді Қазақстанның алдағы дамуы мен еліміздің сыртқы саясатының өзекті бағыттары қызықтырды»,-деп жазды ол.
Айта кетейік, кеше, 12 маусым күні Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында жаңа сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті және онда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді.