Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы Арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар Кеңейтілген әріптестік пенынтымақтастық туралы келісім және Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың жаңастратегиясы аясында, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялықәріптестікті тереңдету мәселелерін талқылады.

«Қазақстан сыртқы экономикалық және инвестициялық әріптесі - Еуропалық Одақпенжан-жақты және көп бағытты өзара іс-қимылдарды дамытуға үлкен мән береді», -деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенді,Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельді және Еуропалық орталық банктөрағасы Кристин Лагардты жоғары лауазымдарға сайлануымен құттықтап, ЕОбасшылығының жаңа «үштігімен» ашық және сенімді диалог тараптардың саяси жәнеэкономикалық ынтымақтастығын одан әрі жандандыруға ықпал ететініне сенімбілдірді.

ПетерБурианның пікірінше, Мемлекет басшысының Қазақстанды жаңғырту жөніндегібастамалары мен басымдықтары азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен заңүстемдігінің жалпы қабылданған принциптерін басты назарда ұстап, елдің дамутарихында жаңа кезеңге бастайды.

Еуропалық Одақтың арнайы өкілі халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтынығайтуға, оның ішінде Орталық Азия мен Ауғанстандағы біздің еліміздің рөлі менүлесін жоғары бағалады.

«ЕО-ның Орталық Азиядағы Арнайыөкілі Петер Бурианды қабылдадым. ЕО-ның ОА бойынша жаңа Стратегиясы аясындаынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқыладық. Еуроодақтың жаңабасшылығы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екендерінбілдірді»,-деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысыныңхалықаралық ұйым өкілін қабылдайтынын осыған дейін ҚР Президентінің баспасөзхатшысы Берік Уәлихабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар