Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.
09:01, 14 Шілде 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.