Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысындаМемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасында сенімді екіжақты ынтымақтастықорнағанын, әсіресе, сауда-экономикалық және саяси салаларда зор мүмкіндіктербарын атап өтті.

– Біз ФранцияныЕуропа Одағы шеңберіндегі негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. ЕОҚазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады. Екіжақты сауда көлемі 4,5миллиард АҚШ долларына жетті. Ал Франциядан ел экономикасына тартылған тікелейинвестициялар көлемі 15 миллиард АҚШ долларынан асты, – деді Қасым-ЖомартТоқаев.

Мемлекет басшысыҚазақстанда жұмыс істеп жатқан француз компанияларының табысты қызметін атапөтіп, Франция министріне, біздің елде шетелдік компаниялардың тиімді жұмысістеуі үшін барлық жағдайлар жасалатынын айтты.

Б.Ле МэрҚазақстан Президентіне жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, Франция менҚазақстан арасында көп жылдық өзара тиімді стратегиялық әріптестік арнағанынатап өтті. Францияның Экономика және қаржы министрі екі ел арасындағы өзаражемісті іс-қимылдарды барынша арттыруға ұмтылатынын білдірді.

Соңында Мемлекетбасшысы Франция көшбасшысы Эмманюэль Макронға сәлем жолдап, ізгі тілегінбілдірді.

Соңғы жаңалықтар