Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қолдау бағытында Үкіметке тапсырма берді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қолдау бағытында Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің айтуынша, ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі - ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты.

«Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оны бюджет арқылы жалпы ұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Президент Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында.