Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Әзербайжанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыратынын атап өтті.