Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.