Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: AFP

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Сильвио Берлусконидің Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға орасан зор үлес қосқанын атап өтті.