«Біз инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде жаңа жобаларды жүзеге асыруға және нақты жұмыс істеп жатқан инвесторларға қолдауды күшейтуге мүдделіміз. Осыған байланысты бүгін тағы да бір маңызды шара Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бизнес форумы өтеді. Аталған басқосуға екі ел іскерлік топтарының үш жүзден астам өкілі қатысады. Менде осы форумға барып, сөз сөйлеймін. Аталған іс-шара аясында жалпы құны 3,2 млрд доллар болатын екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде», - деді Қ.Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Корея Президентімен Сауда-экономикалық және ғылыми-технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын жандандырып, аталған комиссияның тең төрағаларының деңгейін көтеру жайында сөйлескенін атап өтті.