«Бауырлас мемлекеттерге Қазақстан да мүмкіндігінше көмек көрсетуде. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз Қырғызстан мен Тәжікстанға (әр мемлекетке 5 мың тонна ұннан) көмек көрсеттік»,-деді Президент.
Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі тілдем мемлекеттері кеңесінің төтенше бейнесаммитіне қатысатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ бүгін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Баку декларациясы жарияланды.