«Жеңіс күні мерекесімен барлық отандастарымызды құттықтаймын! Біздің жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері фашизмді күйретуге зор үлес қосты. Олардың көзсіз ерліктері біздің жадымызда мәңгі сақталады», - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
21:04, 08 Мамыр 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс мерекесімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.