«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында елді жаңғырту бойынша мазмұнды, тиімді әңгіме болды. Кеңес мүшелері нағыз отаншыл әрі интеллектуал азаматтар. Олардың ұсыныстарының көпшілігімен келісуге болады. Біртұтас іс-қимылдар жоспары әзірленеді», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
«Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», - деді жиында Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілгенін мәлім етті.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысын қорытындылаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құр ұрандатпай нақты жұмыс жасау қажеттігін айтты.