«Өндірістік шығарындылардың балансын нөлге дейін жеткізу өнеркәсіп пен экономикада құрылымдық өзгерістерді қажет етеді. Ол үшін біз көміртегінің үлесі төмен дамудың ұзақмерзімді стратегиясын дайындап жатырмыз. Ресей де бұл салада жемісті жұмыс істеп жатыр. Біз сіздердің үкіметтеріңіздің әрекетін өте мұқият бақылап отырмыз. Сондықтан, екі елдің Үкіметтері аталмыш проблема бойынша бірге жұмыс істеп, тәжірибе мен жоспарларын алмаса алар еді. Елдеріміздің экономикалары үшін теріс әсерді азайту үшін, ең алдымен, Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында енгізілетін нормалардың халықаралық келісімдерге сәйкестігіне қатысты ортақ ұстанымды қалыптастыру пайдалы болар еді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумында.
ҚР Президенті осы мақсатқа жету жолында жасалған іс-шараларды атап өтті.
«Ұлттық деңгейде үлкен технологиялық бетбұрысқа дайындық аясында біз алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа экологиялық кодекс қабылдадық. Кәсіпорындарға экологиялық төлемдерден босату есебінен өндірістерді жаңғыртуға мүмкіндік берілді. Бұл бизнеске ең озық қолжетімді технологияларды енгізу арқылы белсенді технологиялық жаңартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Президент.