«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және Дунай өзеніндегі кеме апаты салдарынан жақындарынан айрылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл достас Корея Республикасы халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарын сабырға шақырып, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске сала кетсек, Будапешт қаласының орталығында, Дунай өзенінде серуендеу кемесі аударылып жеті адам қаза тапты, тағы 16 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Мажарстан құтқару қызметінің ақпаратына қарағанда, зардап шеккендердің көпшілігі шығысазиялық елдерден болған, соның ішінде Оңтүстік Кореяның да азаматтары бар.