Қасым-Жомарт Тоқаев Куба және Ұлыбритания елшілерін қабылдады
Куба елшісі наурызда өткен сайлаудың қорытындысымен бөлісті. Сайлау нәтижесінде Халық билігі Ұлттық ассамблеясының жаңа құрамы жасақталып, жаңа төраға мен Мемлекеттік кеңестің мүшелері тағайындалған болатын.
Қ. Тоқаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия елшісі Майкл Гиффордпен кездесу барысында екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың нығаятынына сенім білдірді. Қазақстан Ұлыбританияны маңызды сауда-инвестициялық серіктес ретінде қарастырып отырғанын және қос мемлекеттің парламенттері арасындағы саяси қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін ерекше атап өтті.